«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 260 бұйрығы

 «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 260 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) мынадай міндеттемелерді қабылдаған кезде жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) деп танылады:

1) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар нәтижесінде өздері алған пайдалы қатты қазбалар «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңның 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін Бірыңғай индустрияландыру картасына (бұдан әрі - Бірыңғай индустрияландыру картасы) енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде тек қана шикізат және (немесе) отын ретінде пайдаланылатын болады;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар шарттарында белгіленетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесі күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.